Жергілікті принтерді баптау

Принтерлер қосылғаннан кейін, жүйеңіз олардың көптеген түрлерін автоматты түрде тани алады. Көптеген принтерлер компьютерге USB кабелі арқылы қосылады, бірақ кейбір принтерлер сымды немесе сымсыз желіге қосылады.

Егер принтеріңіз желіге қосылған болса, ол автоматты түрде бапталмайды — оны Баптаулар ішіндегі Принтерлер панелінен қосу керек.

  1. Принтердің қосулы екеніне көз жеткізіңіз.

  2. Принтерді тиісті кабель арқылы жүйеге қосыңыз. Жүйе драйверлерді іздеген кезде экранда белсенділікті көруіңіз мүмкін және оларды орнату үшін аутентификациядан өту сұралуы мүмкін.

  3. Жүйе принтерді орнатуды аяқтаған кезде хабарлама пайда болады. Сынақ бетін басып шығару үшін Сынақ бетін басып шығару немесе принтерді баптауға қосымша өзгерістер енгізу үшін Опциялар тармағын таңдаңыз.

Егер принтеріңіз автоматты түрде бапталмаса, оны принтер баптауларында қосуға болады:

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Принтерлер деп тере бастаңыз.

  2. Принтерлер тармағын шертіңіз.

  3. Жүйеңізге байланысты, жоғарғы оң жақ бұрыштағы Құлпын ашу батырмасын басып, сұралған кезде парольді енгізу қажет болуы мүмкін.

  4. Принтерді қосу… батырмасын басыңыз.

  5. Қалқымалы терезеде жаңа принтерді таңдап, Қосу батырмасын басыңыз.

    Егер принтеріңіз автоматты түрде табылмаса, бірақ оның желілік адресін білсеңіз, оны сұхбат терезесінің төменгі жағындағы мәтіндік өріске енгізіп, Қосу батырмасын басыңыз

Егер принтеріңіз Принтерді қосу терезесінде көрінбесе, басып шығару драйверлерін орнату қажет болуы мүмкін.

Принтерді орнатқаннан кейін, әдепкі принтеріңізді өзгерткіңіз келуі мүмкін.