Әдепкі принтерді орнату

Егер бірнеше принтер қолжетімді болса, қайсысы әдепкі принтер болатынын таңдауға болады. Жиі пайдаланатын принтерді таңдағыңыз келуі мүмкін.

Әдепкі принтерді орнату үшін жүйеде әкімшілік құқықтар қажет.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Принтерлер деп тере бастаңыз.

  2. Принтерлер тармағын шертіңіз.

  3. Жүйеңізге байланысты, жоғарғы оң жақ бұрыштағы Құлпын ашу батырмасын басып, сұралған кезде парольді енгізу қажет болуы мүмкін.

  4. Принтер жанындағы баптаулар батырмасын шертіңіз.

  5. Принтерді әдепкі бойынша пайдалану құсбелгісін таңдаңыз.

Қолданбада басып шығарған кезде, басқа принтерді таңдамасаңыз, әдепкі принтер автоматты түрде пайдаланылады.