Желі баптауларын қолмен орнату

Егер желіңіз компьютеріңізге желі баптауларын автоматты түрде тағайындамаса, параметрлерді өзіңіз қолмен енгізуіңіз керек болуы мүмкін. Бұл тақырып сіз қолданылатын дұрыс баптауларды білесіз деп есептейді. Олай болмаса, желілік әкімшіңізден сұрауыңыз немесе роутердің немесе желілік коммутатордың баптауларын қарауыңыз қажет болуы мүмкін.

Желі баптауларын қолмен орнату үшін:

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  2. Баптаулар үстінен шертіңіз.

  3. Егер желіге кабель арқылы қосылсаңыз, Network үстіне шертіңіз. Әйтпесе Wi-Fi үстіне шертіңіз.

    Сымсыз картаңыз қосулы екеніне немесе желілік кабель қосылғанына көз жеткізіңіз.

  4. баптаулар батырмасын шертіңіз.

    Wi-Fi қосылымы үшін баптаулар батырмасы белсенді желінің жанында орналасады.

  5. IPv4 немесе IPv6 бетін таңдап, Method мәнін Manual күйіне өзгертіңіз.

  6. IP Address және Gateway, сондай-ақ тиісті Netmask мәндерін теріңіз.

  7. DNS бөлімінде Automatic ауыстырып-қосқышын сөндіру күйіне қойыңыз. Пайдаланғыңыз келетін DNS серверінің IP адресін енгізіңіз. + батырмасының көмегімен қосымша DNS серверлерінің адрестерін енгізіңіз.

  8. Routes бөлімінде Automatic ауыстырып-қосқышын сөндіру күйіне қойыңыз. Пайдаланғыңыз келетін маршрут үшін Address, Netmask, Gateway және Metric мәндерін енгізіңіз. + батырмасының көмегімен қосымша маршруттарды енгізіңіз.

  9. Іске асыру үстіне шертіңіз. Егер желіге қосылмаған болсаңыз, жоғарғы панельдің оң жағынан жүйелік мәзірді ашып, қосылыңыз. Мысалы, веб-сайтқа кіруге әрекет жасау немесе желідегі ортақ файлдарды қарау арқылы желі баптауларын тексеріңіз.