Қолданбалар арасында ауысу әрекетін теңшеу

Жүйеңізде Терезелер арасында қалай ауысуды басқара аласыз. Қолданбалар арасында ауысу параметрлері екі категорияға топтастырылған:

  • Барлық жұмыс орындарындағы қолданбаларды қосу немесе Тек ағымдағы жұмыс орнындағы қолданбаларды қосу опциясын таңдаңыз.

  • Бірнеше мониторы бар жүйелерде Барлық мониторлардағы қолданбаларды қосу немесе Тек әр монитордағы қолданбаларды қосу опциясын таңдаңыз. Екінші опция қолданбалар арасында ауысуды тек ауысуды бастаған мониторда көрінетін қолданбалармен шектейді.

Қолданбалар арасында ауысу әрекетін өзгерту үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Әрекеттер көрінісін ашып, Көптапсырмалық деп теріңіз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Көптапсырмалық тармағын таңдаңыз.

  3. Қолданбалар арасында ауысу бөлімінде әр категория үшін қалаған опцияны таңдаңыз.