Көптапсырмалық параметрлері

Көптапсырмалық параметрлері бірнеше тапсырманы басқару және оларды жүйедегі жұмыс орындарына топтастыруды теңшеуге мүмкіндік береді. Қоршамның Белсенді бұрыш әрекетін және экран жиектері арқылы өлшемді өзгертуді іске қосуға немесе сөндіруге болады.

Параметрлерді жұмыс орындарының санын таңдау және олардың бірнеше мониторда қалай көрінетінін теңшеу үшін қолдана аласыз. Сондай-ақ қолданбалар арасында ауысу кезінде барлық жұмыс орындарындағы немесе тек ағымдағы жұмыс орнындағы қолданбалардың көрсетілуін таңдауға болады.