Экрандағы пернетақтаны пайдалану

Егер компьютеріңізге пернетақта қосылмаған болса немесе оны пайдаланбауды қаласаңыз, мәтінді енгізу үшін экрандағы пернетақтаны қосуға болады.

Егер сенсорлық экранды пайдалансаңыз, экрандағы пернетақта автоматты түрде іске қосылады

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.

  3. Теру бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.

  4. Экрандағы пернетақта ауыстырып-қосқышын қосулы күйіне қойыңыз.

Келесі жолы мәтін теру мүмкіндігі туғанда, экрандағы пернетақта экранның төменгі жағында ашылады.

Сандар мен таңбаларды енгізу үшін ?123 батырмасын басыңыз. Одан кейін =/< батырмасын бассаңыз, көбірек таңбалар қолжетімді болады. Әліпби пернетақтасына қайту үшін ABC батырмасын басыңыз.

Пернетақтаны уақытша жасыру үшін төмен батырмасын басуға болады. Келесі жолы оны пайдалануға болатын жерді басқанда, пернетақта автоматты түрде қайтадан көрсетіледі. Сенсорлық экранда пернетақтаны төменгі жиектен жоғары қарай сүйреу арқылы да шығаруға болады.

Тіл немесе Кіріс көздері баптауларын өзгерту үшін жалауша батырмасын басыңыз.