Тачпадтар мен сенсорлық экрандарда ым-ишараларды пайдалану
Мультитач ым-ишараларын тачпадтар мен сенсорлық экрандарда жүйелік навигация үшін, сондай-ақ қолданбаларда пайдалануға болады.
Бірқатар қолданбалар ым-ишараларды пайдаланады. Құжаттарды қарау құралында құжаттардың масштабын өзгертуге және ым-ишаралармен парақтауға болады, ал Суреттерді қарау құралы масштабтауға, бұруға және жылжытуға мүмкіндік береді.
Жалпыжүйелік ым-ишаралар
|
Әрекеттер көрінісін және Қолданбалар көрінісін ашу Әрекеттер көрінісін ашу үшін тачпадқа немесе сенсорлық экранға үш саусағыңызды қойып, жоғары қарай сырғытыңыз. Қолданбалар көрінісін ашу үшін үш саусағыңызды қойып, қайтадан жоғары қарай сырғытыңыз. |
|
|
Жұмыс орнын ауыстыру Тачпадқа немесе сенсорлық экранға үш саусағыңызды қойып, солға немесе оңға қарай сырғытыңыз. |
|
|
Толық экран режимінен шығу Кез келген терезенің толық экран режимінен шығу үшін сенсорлық экранда жоғарғы жиектен төмен қарай тартыңыз. |
|
|
Экрандық пернетақтаны шығару Егер экрандық пернетақта іске қосылған болса, экрандық пернетақтаны шығару үшін сенсорлық экранда төменгі жиектен жоғары қарай тартыңыз. |
Қолданбалардың ым-ишаралары
|
Элементті ашу, қолданбаны іске қосу, әнді ойнату Элементті түртіңіз. |
|
|
Элементті таңдау және орындауға болатын әрекеттерді тізімдеу Бір-екі секунд басып тұрыңыз. |
|
|
Экрандағы аймақты айналдыру Сүйреу: саусақты бетке тигізіп сырғытыңыз. |
|
|
Көріністің масштаб деңгейін өзгерту (Карталар, Фотосуреттер) Екі саусақпен жақындату немесе созу: екі саусақты бетке тигізіп, оларды бір-біріне жақындатыңыз немесе алыстатыңыз. |
|
|
Фотосуретті бұру Екі саусақпен бұру: екі саусақты бетке тигізіп, бұрыңыз. |