GNOME Classic деген не?
GNOME Classic — бұл дәстүрлі жұмыс үстелі тәжірибесін қалайтын пайдаланушыларға арналған мүмкіндік. GNOME Classic заманауи GNOME технологияларына негізделгенімен, ол пайдаланушы интерфейсіне бірқатар өзгерістерді ұсынады, мысалы, жоғарғы панельдегі Қолданбалар және Орындар мәзірлері, сондай-ақ экранның төменгі жағындағы терезелер тізімі.
Қолданбаларды іске қосу үшін жоғарғы панельдегі Қолданбалар мәзірін пайдалануға болады.
Терезелер тізімі
Экранның төменгі жағындағы терезелер тізімі барлық ашық терезелер мен қолданбаларға қол жеткізуді қамтамасыз етеді және оларды жылдам жинауға және қалпына келтіруге мүмкіндік береді.
Іс-әрекеттер көрінісі төменгі жағындағы терезелер тізімінің сол жағындағы батырманы шерту арқылы қолжетімді.
Іс-әрекеттер көрінісіне қол жеткізу үшін Super пернесін де басуға болады.
Терезелер тізімінің оң жағында GNOME ағымдағы жұмыс орнының қысқаша идентификаторын көрсетеді, мысалы, бірінші (жоғарғы) жұмыс орны үшін 1. Сонымен қатар, идентификатор қолжетімді жұмыс орындарының жалпы санын да көрсетеді. Басқа жұмыс орнына ауысу үшін идентификаторды шертіп, мәзірден пайдаланғыңыз келетін жұмыс орнын таңдауға болады.
GNOME Classic режиміне және одан ауысу
GNOME Classic тек белгілі бір GNOME Shell кеңейтулері орнатылған жүйелерде ғана қолжетімді. Кейбір Linux дистрибутивтерінде бұл кеңейтулер қолжетімді болмауы немесе әдепкі бойынша орнатылмауы мүмкін.
GNOME-дан GNOME Classic-ке ауысу үшін:
Барлық ашық жұмыстарды сақтап, жүйеден шығыңыз. Жоғарғы панельдің оң жағындағы жүйелік мәзірді шертіп, тиісті опцияны таңдаңыз.
Растау хабарламасы пайда болады. Растау үшін Жүйеден шығу таңдаңыз.
Жүйеге кіру экранында тізімнен атыңызды таңдаңыз.
Төменгі оң жақ бұрыштағы
батырмасын шертіңіз.
Тізімнен GNOME Classic таңдаңыз.
Парольді пароль енгізу өрісіне енгізіңіз.
Enter басыңыз.
GNOME Classic-тен GNOME-ға ауысу үшін:
Барлық ашық жұмыстарды сақтап, жүйеден шығыңыз. Жоғарғы панельдің оң жағындағы жүйелік мәзірді шертіп, атыңызды шертіңіз, содан кейін тиісті опцияны таңдаңыз.
Растау хабарламасы пайда болады. Растау үшін Жүйеден шығу таңдаңыз.
Жүйеге кіру экранында тізімнен атыңызды таңдаңыз.
Төменгі оң жақ бұрыштағы опциялар таңбашасын шертіңіз.
Тізімнен GNOME таңдаңыз.
Парольді пароль енгізу өрісіне енгізіңіз.
Enter басыңыз.