Контактіні іздеу

Желідегі контактіні екі жолдың бірімен іздеуге болады:

  1. Белсенділіктер көрінісінде контакт атын тере бастаңыз.

  2. Әдеттегі қолданбалар тізімінің орнына көріністе сәйкес келетін контактілер пайда болады.

  3. Тізімнің басындағы контактіні таңдау үшін Enter пернесін басыңыз немесе таңдағыңыз келетін контакт басында болмаса, оны шертіңіз.

Контактілер ішінен іздеу үшін:

  1. Іздеу өрісінің ішін шертіңіз.

  2. Контакт атын тере бастаңыз.