Bluetooth көрінімділігі деген не?

Bluetooth көрінімділігі басқа құрылғылар Bluetooth құрылғыларын іздеген кезде компьютеріңізді таба алатын-алмайтынын білдіреді. Bluetooth қосулы және Bluetooth панелі ашық болса, компьютеріңіз ауқымдағы барлық басқа құрылғыларға өзін жариялайды, бұл оларға компьютеріңізге қосылуға әрекет жасауға мүмкіндік береді.

Компьютеріңіз басқа құрылғыларға көрсететін атын өзгертуге болады.

Құрылғыға жалғанғаннан кейін, бір-бірімен байланысу үшін компьютер де, құрылғы да көрінетін болуы қажет емес.

Экраны жоқ құрылғыларда әдетте батырманы немесе батырмалар комбинациясын олар қосылып тұрғанда немесе қосылып жатқанда біраз уақыт басу арқылы кіруге болатын жұптау режимі болады.

Бұл режимге қалай кіру керектігін білудің ең жақсы жолы — құрылғының нұсқаулығын қарау. Кейбір құрылғылар үшін бұл процедура әдеттегіден сәл өзгеше болуы мүмкін.