Компьютеріңізді Bluetooth құрылғысына жалғаңыз
Тышқан немесе гарнитура сияқты Bluetooth құрылғысын пайдаланбас бұрын, алдымен компьютерді құрылғыға жалғауыңыз керек. Бұл сондай-ақ Bluetooth құрылғыларын жұптау деп аталады.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Bluetooth деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Bluetooth үстінен шертіңіз.
Bluetooth іске қосылғанына көз жеткізіңіз: жоғарғы жағындағы ауыстырып-қосқыш қосулы күйде болуы керек. Панель ашық және ауыстырып-қосқыш қосулы болса, компьютеріңіз құрылғыларды іздей бастайды.
Басқа Bluetooth құрылғысын табылатын немесе көрінетін етіп жасаңыз және оны компьютерден 5-10 метр (шамамен 16-33 фут) қашықтықта орналастырыңыз.
Құрылғылар тізіміндегі құрылғыны шертіңіз. Құрылғы панелі ашылады.
-
Қажет болса, басқа құрылғыда PIN-кодты растаңыз. Құрылғы компьютер экранында көрінетін PIN-кодты көрсетуі керек. Құрылғыда PIN-кодты растаңыз (сізге Жұптау немесе Растау батырмасын шерту қажет болуы мүмкін), содан кейін компьютерде Растау батырмасын шертіңіз.
Көптеген құрылғыларда жазбаны шамамен 20 секунд ішінде аяқтауыңыз керек, әйтпесе байланыс орнатылмайды. Егер бұлай болса, құрылғылар тізіміне оралып, қайтадан бастаңыз.
Құрылғылар тізіміндегі құрылғы жазбасында Жалғанған күйі көрсетіледі.
Құрылғыны түзету үшін оны Құрылғылар тізімінде шертіңіз. Сіз сол құрылғыға тән панельді көресіз. Онда сіз жалғап жатқан құрылғы түріне қолданылатын қосымша опциялар көрсетілуі мүмкін.
Параметрлерді өзгерткеннен кейін панельді жабыңыз.
Бір немесе бірнеше Bluetooth құрылғысы жалғанғанда, жүйе күйі аймағында Bluetooth таңбашасы пайда болады.