Құрылғы атын өзгерту

Бірегей танылатын атаудың болуы жүйеңізді желіде және Bluetooth құрылғыларын жұптастыру кезінде анықтауды жеңілдетеді.

  1. Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.

  3. Панельді ашу үшін Туралы таңдаңыз.

  4. Тізімнен Құрылғы аты таңдаңыз.

  5. Жүйеңіз үшін атау енгізіп, растаңыз.

Хост аты жүйе атауы өзгертілгеннен кейін бірден өзгергенімен, кейбір жұмыс істеп тұрған бағдарламалар мен қызметтер өзгеріс күшіне енуі үшін қайта іске қосылуы қажет болуы мүмкін.