Bluetooth құрылғысын ажырату
Егер сіз Bluetooth құрылғысына бұдан былай қосылғыңыз келмесе, байланысты өшіре аласыз. Бұл тышқан немесе гарнитура сияқты құрылғыны бұдан былай пайдаланғыңыз келмесе немесе құрылғыға/құрылғыдан файлдарды жібергіңіз келмесе пайдалы.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Bluetooth деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Bluetooth үстінен шертіңіз.
Тізімнен ажыратқыңыз келетін құрылғыны таңдаңыз.
Құрылғының сұхбат терезесінде Байланыс ауыстырып-қосқышын өшірулі күйіне қойыңыз немесе құрылғыны Құрылғылар тізімінен өшіру үшін Құрылғыны өшіру батырмасын шертіңіз.
Қаласаңыз, кейінірек Bluetooth құрылғысын қайта жалғауға болады.