Bluetooth арқылы бөлісуді басқару

Файлдарды Bluetooth арқылы Жүктеп алынғандар бумасына қабылдау үшін Bluetooth арқылы бөлісуді іске қосуға болады

Файлдарды Жүктеп алынғандар бумасына бөлісуге рұқсат беру

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Bluetooth деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Bluetooth үстінен шертіңіз.

  3. Bluetooth қосулы екеніне көз жеткізіңіз.

  4. Bluetooth қолдауы бар құрылғылар тек Bluetooth панелі ашық болғанда ғана Жүктеп алынғандар бумасына файлдар жібере алады.

Компьютеріңіз басқа құрылғыларға көрсететін атын өзгертуге болады.