Ескерту дыбыстары үшін экранды жыпылықтату
Компьютеріңіз хабарламалар мен оқиғалардың белгілі бір түрлері үшін қарапайым ескерту дыбысын ойнатады. Егер сізге бұл дыбыстарды есту қиын болса, ескерту дыбысы ойналған сайын бүкіл экранның немесе ағымдағы терезенің визуалды жыпылықтауын орнатуға болады.
Бұл сондай-ақ кітапхана сияқты компьютердің дыбыссыз болуы керек ортада болсаңыз пайдалы болуы мүмкін. Ескерту дыбысын қалай өшіру керектігін білу үшін Ескерту дыбысын таңдау немесе сөндіру қараңыз, содан кейін визуалды ескертулерді іске қосыңыз.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.
Есту бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.
Визуалды ескертулер бөлімінде Визуалды ескертулер ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.
Жыпылықтау аймағы астында бүкіл экранның ба, әлде тек ағымдағы терезе тақырыбының ба жыпылықтағанын қалайтыныңызды таңдаңыз.
Жоғарғы панельдегі арнайы мүмкіндіктер таңбашасын шерту және Визуалды ескертулер таңдау арқылы визуалды ескертулерді жылдам іске қосуға және сөндіруге болады.