Ескерту дыбысын таңдау немесе сөндіру
Компьютеріңіз хабарламалар мен оқиғалардың белгілі бір түрлері үшін қарапайым ескерту дыбысын ойнатады. Ескертулер үшін әртүрлі дыбыстық клиптерді таңдауға, ескерту дыбыс деңгейін жүйелік дыбыс деңгейінен бөлек орнатуға немесе ескерту дыбыстарын толығымен сөндіруге болады.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Дыбыс деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Дыбыс үстіне шертіңіз.
Дыбыстар бөлімінде Ескерту дыбысы үстіне шертіңіз.
Ескерту дыбысын таңдаңыз. Әр дыбыс оны шерткенде ойнатылады, осылайша сіз оның қалай естілетінін тексере аласыз.
Ескерту дыбысының деңгейін өзгерту үшін Дыбыстар бөліміне оралып, Дыбыс деңгейлері үстіне шертіңіз және Жүйелік дыбыстар жүгірткісін реттеңіз. Ескерту дыбысын өшіру немесе қосу үшін жүгірткінің қасындағы динамик батырмасын шертіңіз. Бұл музыка, фильмдер немесе басқа дыбыстық файлдардың дыбыс деңгейіне әсер етпейді.