Автоматты түрде кіруді баптау

Әкімші тіркелгі түрі бар пайдаланушы Баптаулар панелінен Автоматты түрде кіруді іске қоса алады. Сондай-ақ, келесідей GDM таңдауыңызша конфигурация файлында автоматты түрде кіруді қолмен орнатуға болады.

  1. /etc/gdm/custom.conf файлын түзетіңіз және файлдағы [daemon] бөлімінде келесілер көрсетілгеніне көз жеткізіңіз:

    custom.conf

    [daemon]
    AutomaticLoginEnable=True
    AutomaticLogin=username
  2. username мәнін жүйеге автоматты түрде кіргісі келетін пайдаланушымен алмастырыңыз.

custom.conf файлы әдетте /etc/gdm/ ішінде орналасқан, бірақ орын дистрибутивке байланысты өзгеше болуы мүмкін.