Командалық жолға қол жеткізуді сөндіру

Жұмыс үстелі пайдаланушысы үшін командалық жолға қол жеткізуді сөндіру үшін бірнеше түрлі контексте конфигурациялық өзгерістер енгізу керек. Келесі қадамдар жұмыс үстелі пайдаланушысының командалық жолға кіру рұқсаттарын жоймайтынын, керісінше пайдаланушының командалық жолға кіру жолдарын жоятынын ескеріңіз.

  • org.gnome.desktop.lockdown.disable-command-line GSettings кілтін орнатыңыз, ол пайдаланушының терминалға кіруіне немесе орындалатын командалық жолды көрсетуіне (Alt+F2 командалық шақыруы) жол бермейді.

  • Пайдаланушылардың Alt+F2 командалық шақыруына кіруіне жол бермеу.

  • X серверінің конфигурациясын өзгерту арқылы Ctrl+Alt+функционалдық перне жарлықтарымен виртуалды терминалдарға (VT) ауысуды сөндіріңіз.

  • GNOME Shell-дегі Әрекеттер шолуынан Терминал және басқа барлық терминал қолданбаларын алып тастаңыз. Сондай-ақ, пайдаланушының жаңа терминал қолданбасын орнатуына жол бермеуіңіз керек.

Командалық шақыруды сөндіру

  1. Келесі жолдарды қамтитын user профилін жасаңыз:

    /etc/dconf/profile/user

    user-db:user
    system-db:local

    local — бұл dconf дерекқорының аты.

  2. /etc/dconf/db/local.d/00-lockdown ішінде жүйелік ауқымдағы баптаулар үшін local дерекқорын жасаңыз:

    # dconf жолын көрсету
    [org/gnome/desktop/lockdown]
    
    # Командалық шақыруды сөндіру
    disable-command-line=true
  3. Пайдаланушы баптауын қайта анықтаңыз және оны өзгертуіне /etc/dconf/db/local.d/locks/lockdown ішінде жол бермеңіз:

    # Құлыптауды конфигурациялау үшін пайдаланылатын кілттерді тізімдеу
    /org/gnome/desktop/lockdown/disable-command-line
  4. Жүйелік дерекқорларды жаңарту:

    # dconf update
  5. Жүйелік ауқымдағы баптаулар күшіне енуі үшін пайдаланушылар жүйеден шығып, қайта кіруі керек.

Виртуалды терминалға ауысуды сөндіру

Пайдаланушылар әдетте GNOME жұмыс үстелінен виртуалды терминалға ауысу үшін Ctrl+Alt+функционалдық перне жарлықтарын (мысалы, Ctrl+Alt+F2) пайдалана алады.

Егер компьютерде X Window System жұмыс істеп тұрса, /etc/X11/xorg.conf.d/ бумасындағы X конфигурация файлының Serverflags бөліміне DontVTSwitch опциясын қосу арқылы барлық виртуалды терминалдарға кіруді сөндіруге болады.

  1. /etc/X11/xorg.conf.d/ ішінде X конфигурация файлын жасаңыз немесе түзетіңіз. Мысалы, /etc/X11/xorg.conf.d/10-xorg.conf:

    /etc/X11/xorg.conf.d/10-xorg.conf

    Section "Serverflags"
    
    Option "DontVTSwitch" "yes"
    
    EndSection
  2. Өзгерістер күшіне енуі үшін X серверін қайта іске қосыңыз.