Таңдауыңызша сессияны жасау

Жеке бапталған конфигурациясы бар жеке сессияңызды жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. /etc/X11/sessions/жаңа-сессия.desktop бумасында .desktop файлын жасаңыз. Файлда келесі жазбалар көрсетілгеніне көз жеткізіңіз:

    [Desktop Entry]
    Encoding=UTF-8
    Type=Application
    Name=Таңдауыңызша сессия
    Comment=Бұл біздің таңдауыңызша сессиямыз
    Exec=gnome-session --session=new-session

    Exec жазбасы орындалатын команданы, мүмкін аргументтерімен бірге көрсетеді. Таңдауыңызша сессияны gnome-session --session=жаңа-сессия командасымен іске қоса аласыз.

    gnome-session командасымен пайдалануға болатын параметрлер туралы қосымша ақпаратты gnome-session man бетінен қараңыз.

  2. /usr/share/gnome-session/sessions/жаңа-сессия.session бумасында таңдауыңызша сессия файлын жасаңыз, онда сессияның атын және қажетті компоненттерін көрсете аласыз:

    [GNOME Session]
    Name=Таңдауыңызша сессия
    RequiredComponents=gnome-shell-classic;gnome-settings-daemon;

    RequiredComponents бөлімінде көрсеткен кез келген элементтің /usr/share/applications/ ішінде тиісті .desktop файлы болуы керек екенін ескеріңіз.

Таңдауыңызша сессия файлдарын конфигурациялағаннан кейін, жаңа сессия GDM кіру экранындағы сессиялар тізімінде қолжетімді болады.

Белгілі мәселелер

Debian немесе Debian негізіндегі жүйеде келесі қате орын алуы мүмкін:

Xsession: unable to launch ""
    Xsession --- "" not found; falling back to default
    session.

Егер бұл жағдай орын алса, /etc/X11/Xsession.d/20x11-common_process-args файлын өзгерту үшін мына қадамдарды орындаңыз:

  1. STARTUP_FULL_PATH=$(/usr/bin/which "$1"|| true) мәнін STARTUP_FULL_PATH=$(/usr/bin/which $1 || true) деп өзгертіңіз

  2. STARTUP="$1" мәнін STARTUP=$1 деп өзгертіңіз