Пайдаланушының үнсіз келісім бойынша сессиясын баптау

Үнсіз келісім бойынша сессия AccountsService деп аталатын бағдарламадан алынады. AccountsService бұл ақпаратты /var/lib/AccountsService/users/ бумасында сақтайды.

GNOME 2-де үнсіз келісім бойынша сессияларды жасау үшін пайдаланушының үй бумасындағы .dmrc файлы пайдаланылатын. Бұл .dmrc файлы енді пайдаланылмайды.

Пайдаланушы үшін үнсіз келісім бойынша сессияны көрсету

  1. Жүйеңізде gnome-session-xsession дестесі орнатылғанына көз жеткізіңіз.

  2. Қолжетімді сессиялардың әрқайсысы үшін .desktop файлдарын таба алатын /usr/share/xsessions бумасына өтіңіз. Пайдаланғыңыз келетін сессияны анықтау үшін .desktop файлдарының мазмұнымен танысыңыз.

  3. Пайдаланушы үшін үнсіз келісім бойынша сессияны көрсету үшін /var/lib/AccountsService/users/пайдаланушы_аты файлындағы пайдаланушының тіркелгі қызметін жаңартыңыз:

    [User]
    Language=
    XSession=gnome-classic

    Бұл мысалда /usr/share/xsessions/gnome-classic.desktop файлы пайдаланылып, Классикалық GNOME үнсіз келісім бойынша сессия ретінде орнатылды.

Пайдаланушы үшін үнсіз келісім бойынша сессияны көрсеткеннен кейін, егер пайдаланушы кіру экранынан басқа сессияны таңдамаса, сол сессия пайдаланушы келесі рет жүйеге кіргенде пайдаланылады.