Жүйеге кіру экранының суретін өзгерту
Жүйеге кіргенде немесе пайдаланушыларды ауыстырғанда, пайдаланушылар тізімін және олардың суреттерін көресіз. Суретіңізді дайын суретке немесе өз суретіңізге өзгерте аласыз. Тіпті веб-камераңызбен жаңа сурет түсіре аласыз.
Өзіңізден басқа пайдаланушы тіркелгілерін түзету үшін сізге әкімші құқықтары қажет.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.
Егер сіз өзіңізден басқа пайдаланушыны түзеткіңіз келсе, жоғарғы оң жақ бұрыштағы Құлпын ашу батырмасын басып, сұралған кезде пароліңізді теріңіз. Пайдаланушыны Басқа пайдаланушылар ішінен таңдаңыз.
-
Атыңыздың қасындағы қарындаш таңбашасын шертіңіз. Бірнеше дайын суреттері бар ашылмалы галерея көрсетіледі. Егер олардың бірі ұнаса, оны өзіңіз үшін пайдалану үшін шертіңіз.
Егер компьютерде бар суретті пайдаланғыңыз келсе, Файлды таңдау… батырмасын шертіңіз.
Егер сізде веб-камера болса, Сурет түсіру… батырмасын шерту арқылы дәл қазір жаңа сурет түсіре аласыз. Суретке түсіңіз, содан кейін қажет емес бөліктерді қиып алу үшін шаршы жиекті жылжытып, өлшемін өзгертіңіз. Егер түсірілген сурет ұнамаса, қайтадан көру үшін Басқа сурет түсіру батырмасын шертіңіз немесе бас тарту үшін Бас тарту батырмасын шертіңіз.