Жұмыс үстелімен бөлісу

Басқа адамдарға жұмыс үстелін қарау қолданбасы бар басқа құрылғыдан жұмыс үстеліңізді қарауға және басқаруға рұқсат бере аласыз. Басқалардың жұмыс үстеліңізге қол жеткізуіне рұқсат беру және қауіпсіздік қалауларын орнату үшін Desktop Sharing баптаңыз.

Пайдаланушы тіркелгісіне қашықтан кіргіңіз келсе, Қашықтан кіру бөлімін қараңыз.

  1. Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.

  3. Жұмыс үстелін бөлісу панелін ашу үшін Қашықтағы жұмыс үстелі таңдаңыз.

  4. Басқалардың жұмыс үстеліңізді көруіне рұқсат беру үшін Жұмыс үстелін бөлісу опциясын қосыңыз. Бұл басқалардың құрылғыңызға қосылуға және экраныңызды көруге әрекет жасай алатынын білдіреді.

  5. Басқаларға жұмыс үстеліңізбен әрекеттесуге рұқсат беру үшін Қашықтан басқару опциясын қосыңыз. Бұл қазіргі уақытта пайдаланылатын қауіпсіздік параметрлеріне байланысты басқа адамға курсорды жылжытуға, қолданбаларды іске қосуға және файлдарыңызды шолуға мүмкіндік беруі мүмкін.

Қосылуда

Қалай қосылу керек бөлімінде қосылатын құрылғыда қолдануға болатын Хост аты мен Порт көрсетіледі. Әр жазбаны алмасу буферіне салғыңыз келсе, оның жанындағы батырманы шертіңіз. Байланысты IP адресіңізді пайдаланып та орнатуға болады.

Сондай-ақ Қашықтан кіру мүмкіндігін іске қоссаңыз, ол өзінің порт нөмірін 3389 етіп орнатады. Бұл Жұмыс үстелін бөлісу басқа портты, мысалы, 3390 портын пайдаланатынын білдіреді.

Егер порт нөмірі 3389 болмаса, қосылу кезінде оны көрсетіңіз.

Басқа құрылғы жұмыс үстеліңізге сәтті қосылған кезде, жүйе күйі аймағында Экран бөлісілуде таңбашасы көрсетіледі.

Құрылғы атауы ретінде орнатылған мәтінді түзетуге болатын болса, желідегі құрылғыңыздың атауын өзгертуге болады.

Аутентификация

Кіру мәліметтері бөлімінде жұмыс үстеліне қосылу үшін пайдаланылатын клиенттік бағдарламалық қамтамада қолданылатын пайдаланушы аты мен паролі көрсетіледі.

Шифрлау таңбасын көрсету үшін Шифрлауды тексеру батырмасын шертіңіз. Оны қосылу кезінде клиент көрсеткен мәнмен салыстырыңыз: олар бірдей болуы тиіс.

Клиенттер

Басқа құрылғыдан жұмыс үстеліңізге қосылу үшін келесі клиенттер жұмыс істейтіні белгілі.

Linux жүйесінен:
  • Remmina, GTK клиенті, көптеген дистрибутивтерде десте ретінде, сондай-ақ flatpak ретінде қолжетімді. Әдеттегі баптауларды, әсіресе қосылу профилінің баптауларындағы Түс тереңдігі «Автоматты» мәнін қолданыңыз.

  • Connections, GTK клиенті, көптеген дистрибутивтерде десте ретінде, сондай-ақ flatpak ретінде қолжетімді.

  • xfreerdp — көптеген дистрибутивтерде десте ретінде қолжетімді командалық жол клиенті. Клиентке командалық жолда /network:auto опциясын беру керек.

Microsoft Windows жүйесінен:
  • mstsc — Windows-тың кірістірілген клиенті. Әдеттегі баптаулар ұсынылады.

Linux, Windows немесе macOS жүйелерінен:
  • Thincast — меншікті клиент. Linux нұсқасы flatpak ретінде қолжетімді. Әдеттегі баптаулар ұсынылады.

Байланысты тексеру

  1. Таңдалған клиентке Хост аты немесе IP адресін енгізіңіз.

    Егер порт нөмірі 3389-дан өзгеше болса, оны көрсетіңіз (адрес:порт).

    Көптеген желілерде қосылым жұмыс істеуі үшін компьютер атауына “.local” суффиксін қосу керек.

  2. Жұмыс үстелін бөлісу үшін пайдаланушы атын және парольді толтырыңыз.

Жұмыс үстелімен бөлісуді тоқтату

Жұмыс үстеліңізді қарап жатқан адамды ажырату үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.

  1. Жоғарғы жолақтың оң жағындағы жүйелік мәзірді шертіңіз.

  2. Экран бөлісілуде үстіне шертіңіз.

  3. Сөндіру үстіне шертіңіз.

Қосымша тақырыптар

Командалық жол баптаулары

grdctl утилитасы консоль терезесінде хост параметрлерін баптауға мүмкіндік береді. Пайдалану мәліметтері үшін grdctl --help теріңіз.

H.264

H.264 видео кодтауы өткізу қабілетін айтарлықтай төмендетеді. GNOME Remote Desktop келесі жағдайларда H.264 пайдаланады: графикалық конвейер пайдаланылса (протокол талабы), клиент оны қолдаса және NVENC (NVIDIA кодтаушысы) қолжетімді болса.