Құрылғыңызға қашықтан кіру
Қашықтағы жұмыс үстеліне қосылу қолданбасын пайдаланып, басқа құрылғыдан пайдаланушы тіркелгіңізге кіре аласыз. Құрылғыңызға қол жеткізу және қауіпсіздік қалауларын орнату үшін Қашықтан кіру мүмкіндігін баптаңыз.
Егер басқаларға жұмыс үстеліңізді көруге немесе басқаруға рұқсат бергіңіз келсе, Жұмыс үстелімен бөлісу бөлімін қараңыз.
Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.
Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.
Қашықтағы жұмыс үстелі ▸ Қашықтан кіру таңдаңыз.
Баптауларды өзгерту үшін Құлпын ашу батырмасын шертіп, аутентификациядан өтіңіз.
Пайдаланушы тіркелгіңізге қашықтан кіру мүмкіндігін алу үшін Қашықтан кіру опциясын қосыңыз.
Қосылуда
Қалай қосылу керек бөлімінде қосылатын құрылғыда қолдануға болатын Хост аты мен Порт көрсетіледі. Әр жазбаны алмасу буферіне салғыңыз келсе, оның жанындағы батырманы шертіңіз. Байланысты IP адресіңізді пайдаланып та орнатуға болады.
Егер Қашықтан кіру қосулы болса, ол өз порт нөмірін 3389 етіп орнатады. Егер сіз Жұмыс үстелімен бөлісу мүмкіндігін де пайдалансаңыз, ол басқа портты қолданады, мысалы, 3390.
Аутентификация
Кіру мәліметтері бөлімінде пайдаланушы тіркелгіңізге қосылу үшін пайдаланылатын клиенттік бағдарламалық қамтамаға енгізу қажет пайдаланушы аты мен пароль көрсетіледі.
Шифрлау таңбасын көрсету үшін Шифрлауды тексеру батырмасын шертіңіз. Оны қосылу кезінде клиент көрсеткен мәнмен салыстырыңыз: олар бірдей болуы тиіс.
Клиенттер
Басқа құрылғыдан жұмыс үстеліңізге қосылу үшін келесі клиенттер жұмыс істейтіні белгілі.
- Linux жүйесінен:
Remmina, GTK клиенті, көптеген дистрибутивтерде десте ретінде, сондай-ақ flatpak ретінде қолжетімді. Әдеттегі баптауларды, әсіресе қосылу профилінің баптауларындағы Түс тереңдігі «Автоматты» мәнін қолданыңыз.
Connections, GTK клиенті, көптеген дистрибутивтерде десте ретінде, сондай-ақ flatpak ретінде қолжетімді.
xfreerdp — көптеген дистрибутивтерде десте ретінде қолжетімді командалық жол клиенті. Клиентке командалық жолда /network:auto опциясын беру керек.
- Microsoft Windows жүйесінен:
mstsc — Windows-тың кірістірілген клиенті. Әдеттегі баптаулар ұсынылады.
- Linux, Windows немесе macOS жүйелерінен:
Thincast — меншікті клиент. Linux нұсқасы flatpak ретінде қолжетімді. Әдеттегі баптаулар ұсынылады.
Байланысты тексеру
Байланыс жұмыс істейтінін тексеру үшін төмендегі қадамдарды орындаңыз.
Таңдалған клиентке Хост аты немесе IP адресін енгізіңіз.
Қашықтан кіру үшін пайдаланушы аты мен парольді толтырыңыз.