IP адресіңізді табу
IP адресіңізді білу интернет қосылымындағы мәселелерді шешуге көмектеседі. Сізде екі IP адресі бар екенін білгенде таң қалуыңыз мүмкін: ішкі желідегі компьютеріңіздің IP адресі және интернеттегі компьютеріңіздің IP адресі.
Сымды қосылымыңыздың ішкі (желілік) IP адресін табу
Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.
Баптаулар үстінен шертіңіз.
-
Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Желі элементін шертіңіз.
Егер сымды қосылымның бірнеше түрі қолжетімді болса, Сымды орнына PCI Ethernet немесе USB Ethernet сияқты атауларды көруіңіз мүмкін.
IP адресін және басқа мәліметтерді көру үшін белсенді қосылымның жанындағы
батырмасын шертіңіз.
Сымсыз қосылымыңыздың ішкі (желілік) IP адресін табу
Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.
Баптаулар үстінен шертіңіз.
Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Wi-Fi элементін шертіңіз.
IP адресін және басқа мәліметтерді көру үшін белсенді қосылымның жанындағы
батырмасын шертіңіз.
Сыртқы (интернет) IP адресіңізді табу
whatismyipaddress.com сайтына өтіңіз.
Сайт сіз үшін сыртқы IP адресіңізді көрсетеді.
Компьютеріңіздің интернетке қалай қосылатынына байланысты, ішкі және сыртқы адрестер бірдей болуы мүмкін.