Bluetooth-ды қосу немесе өшіру
Басқа Bluetooth құрылғыларына қосылу үшін Bluetooth-ды қосуға немесе қуатты үнемдеу үшін оны өшіруге болады. Bluetooth-ды қосу үшін:
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Bluetooth деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Bluetooth үстінен шертіңіз.
Жоғарғы жағындағы ауыстырып-қосқышты қосулы күйіне қойыңыз.
Көптеген ноутбуктерде Bluetooth-ды қосу және өшіру үшін жабдықтық ауыстырып-қосқыш немесе пернелер комбинациясы болады. Компьютеріңіздегі ауыстырып-қосқышты немесе пернетақтадағы пернені іздеңіз. Пернетақта пернесі жиі Fn пернесінің көмегімен іске қосылады.
Bluetooth-ды өшіру үшін:
Жоғарғы жолақтың оң жағынан жүйелік мәзірді ашыңыз.
Bluetooth таңдаңыз.
Bluetooth панелі ашық болған кезде компьютеріңіз көрінеді.