Саусақ ізімен жүйеге кіру

Егер жүйеңізде қолдау көрсетілетін саусақ ізі сканері болса, саусақ ізіңізді жазып, оны жүйеге кіру үшін пайдалана аласыз.

Саусақ ізін жазу

Саусақ ізімен жүйеге кіре алу үшін, жүйе сізді сәйкестендіре алуы үшін оны жазып алуыңыз керек.

Егер саусағыңыз тым құрғақ болса, саусақ ізін тіркеуде қиындықтар туындауы мүмкін. Мұндай жағдайда саусағыңызды сәл сулап, таза, түксіз матамен құрғатып, әрекетті қайталаңыз.

Өзіңізден басқа пайдаланушы тіркелгілерін түзету үшін сізге әкімші құқықтары қажет.

  1. Көрініс панелін ашып, Жүйе деп тере бастаңыз.

  2. Нәтижелерден Баптаулар ▸ Жүйе таңдаңыз. Бұл Жүйе панелін ашады.

  3. Панельді ашу үшін Пайдаланушылар тармағын таңдаңыз.

  4. Таңдалған тіркелгіге саусақ ізін қосу үшін Саусақ ізімен кіру қасындағы Сөндірулі жазуын басыңыз. Егер басқа пайдаланушы үшін саусақ ізін қосып жатсаңыз, алдымен панельдің Құлпын ашу керек болады.

  5. Саусақ ізі үшін пайдаланғыңыз келетін саусақты таңдаңыз, содан кейін Келесі.

  6. Сұхбат терезесіндегі нұсқауларды орындап, саусағыңызды саусақ ізі сканері арқылы орташа жылдамдықпен өткізіңіз. Компьютер саусақ ізіңізді сәтті жазып алғаннан кейін, Дайын! деген хабарламаны көресіз.

  7. Келесі түймесін таңдаңыз. Саусақ ізіңіздің сәтті сақталғаны туралы растау хабарламасын көресіз. Аяқтау үшін Жабу тармағын таңдаңыз.

Саусақ ізінің жұмыс істейтінін тексеріңіз

Енді жаңа саусақ ізімен кіру жұмыс істейтінін тексеріңіз. Саусақ ізін тіркесеңіз де, парольмен жүйеге кіру мүмкіндігі қалады.

  1. Кез келген ашық жұмысты сақтаңыз, содан кейін жүйеден шығыңыз.

  2. Жүйеге кіру экранында тізімнен атыңызды таңдаңыз. Пароль енгізу формасы пайда болады.

  3. Парольді терудің орнына, саусағыңызды саусақ ізі сканерінен өткізуге болады.