Жылдам баптаулар

Жүйелік мәзірдегі Жылдам баптаулар батырмалары қолжетімді қызметтерді жылдам қосуға немесе сөндіруге, сондай-ақ Bluetooth құрылғыларын немесе Wi-Fi желілерін таңдауға мүмкіндік береді.

Wi-Fi

Wi-Fi-ды сөндіру немесе қайта қосу үшін Wi-Fi батырмасын басыңыз.

Батырма қазіргі уақытта қосылған Wi-Fi желісін көрсетеді.

Қолжетімді желілерді көрсету үшін right басыңыз.

Байланыс орнату үшін желіні таңдаңыз немесе Wi-Fi баптаулар панелін ашу үшін Барлық желілер таңдаңыз.

Сымды

Сымды желіні сөндіру немесе қайта қосу үшін Сымды батырмасын басыңыз. Батырма ағымдағы сымды желі байланысы туралы ақпаратты көрсетеді. Қосымша баптауларды көрсету үшін right басыңыз. Желі баптаулары панелін ашу үшін Сымды желі баптаулары таңдаңыз.

Bluetooth

Bluetooth-ды сөндіру немесе қайта қосу үшін Bluetooth батырмасын басыңыз. Батырма бірінші құрылғының атын немесе қосылған құрылғылар санын көрсетеді. Жұптастырылған және қосылған Bluetooth құрылғыларын көрсету үшін right басыңыз. Қосылу немесе ажырату үшін біреуін таңдаңыз. Bluetooth баптаулары панелін ашу үшін Bluetooth баптаулары таңдаңыз.

Қуат режимі

Қуат режимі батырмасы ағымдағы қуат режимі баптауын көрсетеді. Қуатты үнемдеу режиміне ауысу немесе ағымдағы баптауға қайту үшін батырманы басыңыз. Барлық режимдерден таңдау үшін right басыңыз. Қуат баптаулары панелін ашу үшін Қуат баптаулары таңдаңыз.

Ауыстырып-қосқыштар

Басқа батырмалар Түнгі жарық, Қараңғы стиль, Ұшақ режимі немесе қолжетімді болса, Пернетақта жарығының ағымдағы күйін көрсетеді. Қосу немесе сөндіру үшін батырманы басыңыз.

Фондық қолданбалар

Жүйеде жұмыс істеп тұрған фондық қолданбалар саны жүйелік мәзірдің төменгі жағында көрсетіледі. Бұл қолданбалар тізімін көрсету үшін шертіңіз. Тізімнен қолданбаны таңдау сол қолданба үшін терезе ашады және оны Фондық қолданбалар тізімінен алып тастайды. Қолданбалар баптаулары панелін ашу үшін Қолданба баптаулары таңдаңыз.