Неліктен басып шығарылған беттерде жолақтар, сызықтар немесе қате түстер бар?

Егер басып шығарылған беттер жолақ-жолақ, солғын болса, оларда артық сызықтар болса немесе олардың сапасы нашар болса, бұл принтердегі ақаулыққа немесе сия не тонердің аздығына байланысты болуы мүмкін.

Солғын мәтін немесе суреттер

Сия немесе тонер таусылып жатқан болуы мүмкін. Сия немесе тонер қорын тексеріп, қажет болса жаңа картридж сатып алыңыз.

Жолақтар мен сызықтар

Егер сізде сия бүріккіш принтер болса, басып шығару бастиегі ластанған немесе жартылай бітеліп қалған болуы мүмкін. Басып шығару бастиегін тазалап көріңіз. Нұсқауларды принтердің нұсқаулығынан қараңыз.

Қате түстер

Принтерде сияның немесе тонердің бір түсі таусылған болуы мүмкін. Сия немесе тонер қорын тексеріп, қажет болса жаңа картридж сатып алыңыз.

Ирек сызықтар немесе түзу емес сызықтар

Егер басып шығарылған құжаттағы түзу болуы тиіс сызықтар ирек болып шықса, баспа бастиегін туралау қажет болуы мүмкін. Мұны қалай жасау керектігі туралы толық ақпаратты принтердің нұсқаулығынан қараңыз.