Принтердің сия немесе тонер деңгейін қалай тексеруге болады?
Принтеріңізде қанша сия немесе тонер қалғанын тексеру жолы принтердің моделі мен өндірушісіне, сондай-ақ компьютерде орнатылған драйверлер мен қолданбаларға байланысты.
Кейбір принтерлерде сия деңгейі мен басқа да ақпаратты көрсететін кірістірілген экран болады.
Кейбір принтерлер тонер немесе сия деңгейін компьютерге хабарлайды, оны Баптаулар ішіндегі Принтерлер панелінен табуға болады. Қолжетімді болса, сия деңгейі принтер мәліметтерімен бірге көрсетіледі.
Көптеген HP принтерлеріне арналған драйверлер мен күй саймандары HP Linux Imaging and Printing (HPLIP) жобасы арқылы ұсынылады. Басқа өндірушілер де ұқсас мүмкіндіктері бар меншікті драйверлерді ұсынуы мүмкін.
Сонымен қатар, сия деңгейін тексеру немесе бақылау үшін қолданба орнатуға болады. Inkblot көптеген HP, Epson және Canon принтерлері үшін сия күйін көрсетеді. Принтеріңіздің қолдау көрсетілетін модельдер тізімінде бар-жоғын тексеріңіз. Epson және басқа да принтерлерге арналған сия деңгейін бақылайтын тағы бір қолданба — mtink.
Кейбір принтерлерге Linux жүйесінде әлі толық қолдау көрсетілмейді, ал басқалары өздерінің сия деңгейлері туралы хабарлауға арналмаған.