Буклетті басып шығару

Буклетті PDF-тен басып шығаруға болады.

Егер LibreOffice құжатынан буклетті басып шығарғыңыз келсе, алдымен Файл ▸ PDF ретінде экспорттау… таңдау арқылы оны PDF форматына экспорттаңыз. Құжатыңыздың беттер саны 4-ке еселі (4, 8, 12, 16,…) болуы керек. Сізге 3-ке дейін бос бет қосу қажет болуы мүмкін.

Егер PDF құжатыңыздағы беттер саны 4-ке еселі болмаса, оны 4-ке еселі ету үшін тиісті бос беттер санын (1, 2 немесе 3) қосу керек. Ол үшін келесіні істей аласыз:

  1. Қажетті бос беттер санымен (1-3) LibreOffice құжатын жасаңыз.

  2. Файл ▸ PDF ретінде экспорттау… таңдау арқылы бос беттерді PDF-ке экспорттаңыз.

  3. Бос беттерді соңына орналастырып, PDF-Shuffler немесе PDF Mod арқылы бос беттерді PDF құжатыңызбен біріктіріңіз.

Төмендегі тізімнен басып шығару үшін пайдаланатын принтер түрін таңдаңыз: