Екі жақты принтерде буклет басып шығару

Құжат беттерін арнайы ретпен басып шығару және бірнеше басып шығару опцияларын өзгерту арқылы бүктелген буклетті (шағын кітап немесе брошюра сияқты) жасауға болады.

Бұл нұсқаулар PDF құжатынан буклетті басып шығаруға арналған.

Егер LibreOffice құжатынан буклетті басып шығарғыңыз келсе, алдымен Файл ▸ PDF ретінде экспорттау… таңдау арқылы оны PDF форматына экспорттаңыз. Құжатыңыздың беттер саны 4-ке еселі (4, 8, 12, 16,…) болуы керек. Сізге 3-ке дейін бос бет қосу қажет болуы мүмкін.

Буклетті басып шығару үшін:

  1. Басып шығару сұхбат терезесін ашыңыз. Әдетте мұны мәзірдегі Басып шығару арқылы немесе Ctrl+P пернетақта жарлығын пайдалану арқылы жасауға болады.

  2. Қасиеттері… батырмасын шертіңіз

    Бағдар ашылмалы тізімінде Альбомдық таңдалғанына көз жеткізіңіз.

    Дуплекс ашылмалы тізімінде Қысқа жиегі таңдаңыз.

    Басып шығару сұхбат терезесіне қайту үшін OK батырмасын шертіңіз.

  3. Ауқым және көшірмелер астында Беттер таңдаңыз.

  4. Беттердің нөмірлерін осы ретпен теріңіз (n — беттердің жалпы саны және 4-ке еселі):

    n, 1, 2, n-1, n-2, 3, 4, n-3, n-4, 5, 6, n-5, n-6, 7, 8, n-7, n-8, 9, 10, n-9, n-10, 11, 12, n-11…

    Мысалдар:

    • 4 беттік буклет: 4,1,2,3 теріңіз

    • 8 беттік буклет: 8,1,2,7,6,3,4,5 теріңіз

    • 20 беттік буклет: 20,1,2,19,18,3,4,17,16,5,6,15,14,7,8,13,12,9,10,11 теріңіз

  5. Бет жаймасы бетін таңдаңыз.

    Жайма астында Брошюра таңдаңыз.

    Бет жақтары астында Қамту ашылмалы тізімінен Барлық беттер таңдаңыз.

  6. Басып шығару батырмасын шертіңіз.