Бір жақты принтерде буклет басып шығару

Бұл нұсқаулар PDF құжатынан буклетті басып шығаруға арналған.

Егер LibreOffice құжатынан буклетті басып шығарғыңыз келсе, алдымен Файл ▸ PDF ретінде экспорттау… таңдау арқылы оны PDF форматына экспорттаңыз. Құжатыңыздың беттер саны 4-ке еселі (4, 8, 12, 16,…) болуы керек. Сізге 3-ке дейін бос бет қосу қажет болуы мүмкін.

Басып шығару үшін:

  1. Басып шығару сұхбат терезесін ашыңыз. Әдетте мұны мәзірдегі Басып шығару арқылы немесе Ctrl+P пернетақта жарлығын пайдалану арқылы жасауға болады.

  2. Қасиеттері… батырмасын шертіңіз

    Бағдар ашылмалы тізімінде Альбомдық таңдалғанына көз жеткізіңіз.

    Басып шығару сұхбат терезесіне қайту үшін OK батырмасын шертіңіз.

  3. Ауқым және көшірмелер астында Беттер таңдаңыз.

    Беттердің нөмірлерін осы ретпен теріңіз (n — беттердің жалпы саны және 4-ке еселі):

    n, 1, 2, n-1, n-2, 3, 4, n-3, n-4, 5, 6, n-5, n-6, 7, 8, n-7, n-8, 9, 10, n-9, n-10, 11, 12, n-11…

    …барлық беттерді теріп біткенше.

    Мысалдар:

    4 беттік буклет: 4,1,2,3 теріңіз

    8 беттік буклет: 8,1,2,7,6,3,4,5 теріңіз

    12 беттік буклет: 12,1,2,11,10,3,4,9,8,5,6,7 теріңіз

    16 беттік буклет: 16,1,2,15,14,3,4,13,12,5,6,11,10,7,8,9 теріңіз

    20 беттік буклет: 20,1,2,19,18,3,4,17,16,5,6,15,14,7,8,13,12,9,10,11 теріңіз

  4. Бет жаймасы бетін таңдаңыз.

    Жайма астында Брошюра таңдаңыз.

    Бет жақтары астында Қамту ашылмалы тізімінен Алдыңғы жақтары / оң жақ беттер таңдаңыз.

  5. Басып шығару батырмасын шертіңіз.

  6. Барлық беттер басылып шыққанда, беттерді аударып, оларды қайтадан принтерге салыңыз.

  7. Басып шығару сұхбат терезесін ашыңыз. Әдетте мұны мәзірдегі Басып шығару арқылы немесе Ctrl+P пернетақта жарлығын пайдалану арқылы жасауға болады.

  8. Бет жаймасы бетін таңдаңыз.

    Бет жақтары астында Қамту ашылмалы тізімінен Артқы жақтары / сол жақ беттер таңдаңыз.

  9. Басып шығару батырмасын шертіңіз.