Драйвер дегеніміз не?

Құрылғылар — бұл компьютеріңіздің физикалық «бөлшектері». Олар принтерлер мен монитор сияқты сыртқы немесе графикалық және аудио карталар сияқты ішкі болуы мүмкін.

Компьютеріңіз бұл құрылғыларды пайдалана алуы үшін, ол олармен қалай байланысу керектігін білуі керек. Бұл құрылғы драйвері деп аталатын бағдарламалық қамтама арқылы жүзеге асырылады.

Компьютерге құрылғыны қосқанда, сол құрылғы жұмыс істеуі үшін дұрыс драйвер орнатылған болуы керек. Мысалы, принтерді қоссаңыз, бірақ дұрыс драйвер қолжетімді болмаса, принтерді пайдалана алмайсыз. Әдетте, құрылғының әрбір моделі басқа ешбір модельмен үйлеспейтін драйверді пайдаланады.

Linux-та көптеген құрылғыларға арналған драйверлер әдепкі бойынша орнатылған, сондықтан оны қосқан кезде бәрі жұмыс істеуі керек. Дегенмен, драйверлерді қолмен орнату қажет болуы мүмкін немесе олар мүлдем қолжетімді болмауы мүмкін.

Сонымен қатар, кейбір қолданыстағы драйверлер толық емес немесе ішінара жұмыс істемейді. Мысалы, принтеріңіз екі жақты басып шығаруды орындай алмайтынын, бірақ басқа жағынан толық жұмыс істейтінін байқауыңыз мүмкін.