Тізімнен сымсыз желімді көре алмай тұрмын

Жүйелік мәзірдегі қолжетімді желілер тізімінен сымсыз желіңізді көре алмауыңыздың бірнеше себептері бар.

  • Егер тізімде ешқандай желі көрсетілмесе, сымсыз жабдығыңыз сөндірулі болуы немесе ол дұрыс жұмыс істемеуі мүмкін. Оның іске қосылғанына көз жеткізіңіз.

  • Сіз желі ауқымынан тыс жерде болуыңыз мүмкін. Сымсыз базалық станцияға/роутерге жақындап көріңіз және біраздан кейін желі тізімде пайда болатынын тексеріңіз.

  • Сымсыз желілер тізімін жаңарту уақытты алады. Егер сіз компьютеріңізді жаңа ғана іске қоссаңыз немесе басқа орынға ауыссаңыз, бір минуттай күте тұрыңыз, содан кейін желі тізімде пайда болғанын тексеріңіз.

  • Желі жасырын болуы мүмкін. Егер бұл жасырын желі болса, басқа жолмен қосылуыңыз керек.