Бекітілген IP адресі бар қосылымды жасау

Көптеген желілер сіз желіге қосылған кезде компьютеріңізге IP адресін және басқа мәліметтерді автоматты түрде тағайындайды. Бұл мәліметтер мерзімді түрде өзгеріп отыруы мүмкін, бірақ оның адресін әрқашан біліп отыру үшін (мысалы, егер ол файлдық сервер болса) компьютер үшін бекітілген IP адрестің болғанын қалауыңыз мүмкін.

Компьютеріңізге бекітілген (статикалық) IP адресін беру үшін:

  1. Activities шолуын ашып, Network деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Network үстіне шертіңіз.

  3. Бекітілген адресі болғанын қалайтын желілік қосылымды табыңыз. Желілік қосылымның жанындағы баптаулар батырмасын шертіңіз. Wi-Fi қосылымы үшін баптаулар батырмасы белсенді желінің жанында орналасады.

  4. IPv4 немесе IPv6 бетін таңдап, Method мәнін Manual күйіне өзгертіңіз.

  5. IP Address және Gateway, сондай-ақ тиісті Netmask мәндерін теріңіз.

  6. DNS бөлімінде Automatic ауыстырып-қосқышын сөндіру күйіне қойыңыз. Пайдаланғыңыз келетін DNS серверінің IP адресін енгізіңіз. + батырмасының көмегімен қосымша DNS серверлерінің адрестерін енгізіңіз.

  7. Routes бөлімінде Automatic ауыстырып-қосқышын сөндіру күйіне қойыңыз. Пайдаланғыңыз келетін маршрут үшін Address, Netmask, Gateway және Metric мәндерін енгізіңіз. + батырмасының көмегімен қосымша маршруттарды енгізіңіз.

  8. Іске асыру үстіне шертіңіз. Енді желілік қосылымның бекітілген IP адресі болуы тиіс.