Тышқанның оң жақ шертуін имитациялау

Тышқанның сол жақ батырмасын басып тұру арқылы оң жақ шертуді орындауға болады. Бұл бір қолдағы саусақтарды жеке-жеке қозғалту қиын болғанда немесе нұсқау құрылғысында тек бір батырма болғанда пайдалы.

  1. Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.

  2. Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.

  3. Нұсқау және шерту бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.

  4. Шертуге көмек бөлімінде Имитацияланған екінші реттік шерту ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.

Қабылдау кідірісін өзгерту арқылы сол жақ батырманы оң жақ шерту ретінде тіркелгенше қанша уақыт басып тұру керектігін өзгертуге болады.

Имитацияланған екінші реттік шерту арқылы оң жақ шерту үшін, әдетте оң жақ шерту орындайтын жерде сол жақ батырманы басып тұрыңыз, содан кейін жіберіңіз. Сол жақ батырманы басып тұрғанда курсор басқа түспен тола бастайды. Түсі толық өзгергеннен кейін, оң жақ шерту үшін тышқан батырмасын жіберіңіз.

Өлшемді өзгерту курсорлары сияқты кейбір арнайы курсорлардың түсі өзгермейді. Курсордан визуалды кері байланыс алмасаңыз да, имитацияланған екінші реттік шертуді әдеттегідей пайдалана аласыз.

Егер Тышқан пернелерін пайдалансаңыз, бұл сондай-ақ сан пернетақтасындағы 5 пернесін басып тұру арқылы оң жақ шертуді орындауға мүмкіндік береді.

Іс-әрекеттер шолуында бұл мүмкіндік сөндірулі болса да, оң жақ шерту үшін әрқашан ұзақ басуға болады. Шолуда ұзақ басу сәл өзгеше жұмыс істейді: оң жақ шерту үшін батырманы жіберудің қажеті жоқ.