Жұмыс үстелінің сыртқы түрін өзгерту
Экранда пайда болатын нәрселердің көрінісін стиль қалауын ашық немесе күңгірт етіп орнату арқылы өзгерте аласыз. Жұмыс үстелінің фоны ретінде суретті немесе тұсқағазды таңдауға болады.
Ашық немесе күңгірт стиль
Ашық және күңгірт жұмыс үстелі стильдері арасында ауысу үшін:
Іс-әрекеттер шолуын ашыңыз және Сыртқы түрі деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Сыртқы түрі шертіңіз. Ағымдағы таңдалған стиль жоғарғы жағында көк жиекпен көрсетілген.
Әдепкі немесе Күңгірт таңдау үшін шертіңіз.
Баптау дереу іске асырылады.
Фон
Фон үшін пайдаланылатын суретті өзгерту үшін:
Іс-әрекеттер шолуын ашыңыз және Сыртқы түрі деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Сыртқы түрі шертіңіз. Ағымдағы таңдалған тұсқағаз жоғарғы жағында ағымдағы стильдің алдын ала қарау терезесінде көрсетілген.
-
Фондар үшін пайдаланылатын суретті өзгертудің екі жолы бар:
-
Жүйемен бірге жеткізілетін фондық суреттердің бірін шертіңіз.
Көптеген тұсқағаздардың ашық және күңгірт нұсқалары бар, олар екіге бөлінген нобайлар түрінде көрсетіледі.
Өзіңіздің фотоларыңыздың бірін пайдалану үшін Суретті қосу… шертіңіз. Әдепкі бойынша, Суреттер бумасы ашылады, өйткені фотосуреттерді басқару қолданбаларының көбі фотоларды сонда сақтайды.
-
-
Баптаулар дереу іске асырылады.
Фотоларыңыздың бірін фон ретінде орнатудың басқа жолы ретінде, Файлдар қолданбасындағы сурет файлына оң жақпен шертіп, Фон ретінде орнату… таңдаңыз немесе сурет файлын Суреттерді қарау құралы ішінде ашып, тақырып жолағындағы мәзір батырмасын шертіп, Фон ретінде орнату… таңдаңыз.
Бүкіл жұмыс үстелін көру үшін бос жұмыс орнына ауысыңыз.