Bluetooth құрылғымды жалғай алмаймын
Телефон немесе гарнитура сияқты Bluetooth құрылғысына қосыла алмауыңыздың бірнеше себептері болуы мүмкін.
- Байланыс блокталған немесе сенімсіз
Кейбір Bluetooth құрылғылары әдепкі бойынша байланыстарды блоктайды немесе байланыс орнатуға рұқсат беру үшін параметрді өзгертуді талап етеді. Құрылғыңыз байланысқа рұқсат беретіндей орнатылғанына көз жеткізіңіз.
- Bluetooth жабдығы танылмады
Bluetooth адаптеріңіз немесе донгл компьютеріңіз тарапынан танылмаған болуы мүмкін. Бұл адаптерге арналған драйверлердің орнатылмауынан болуы мүмкін. Кейбір Bluetooth адаптерлері Linux жүйесінде қолдау көрсетілмейді, сондықтан олар үшін сәйкес драйверлерді ала алмауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда сізге басқа Bluetooth адаптерін алу қажет болады.
- Адаптер қосылмаған
Bluetooth адаптеріңіз қосылғанына көз жеткізіңіз. Bluetooth панелін ашып, оның сөндірілмегенін тексеріңіз.
- Құрылғының Bluetooth байланысы өшірулі
Жалғағыңыз келетін құрылғыда Bluetooth қосулы екенін және оның табылатынын немесе көрінетінін тексеріңіз. Мысалы, телефонға қосылмақшы болсаңыз, оның ұшақ режимінде емес екеніне көз жеткізіңіз.
- Компьютеріңізде Bluetooth адаптері жоқ
Көптеген компьютерлерде Bluetooth адаптерлері жоқ. Bluetooth пайдаланғыңыз келсе, адаптер сатып алуыңызға болады.