Файлдарды электрондық пошта арқылы бөлісу
Файлдарды контактілеріңізбен тікелей файл менеджерінен электрондық пошта арқылы оңай бөлісе аласыз.
Бастамас бұрын, компьютеріңізде Evolution немесе Geary орнатылғанына және электрондық пошта тіркелгіңіз бапталғанына көз жеткізіңіз.
Файлды электрондық пошта арқылы бөлісу үшін:
Іс-әрекеттер шолуынан Файлдар қолданбасын ашыңыз.
Тасымалдағыңыз келетін файлды табыңыз.
Файлды оң жақ батырмамен шертіп, Жіберу… таңдаңыз. Файл тіркелген электрондық поштаны жазу терезесі пайда болады.
Контактіні таңдау үшін Кімге шертіңіз немесе файлды жібергіңіз келетін электрондық пошта адресін енгізіңіз. Тақырыбы мен хабарлама мәтінін қажетінше толтырып, Жіберу батырмасын шертіңіз.
Бір уақытта бірнеше файлды жіберуге болады. Файлдарды шерткен кезде Ctrl пернесін басып тұрып, бірнеше файлды таңдаңыз, содан кейін кез келген таңдалған файлды оң жақ батырмамен шертіңіз.