Bluetooth құрылғысына файлдарды жіберу
Сіз жалғанған Bluetooth құрылғыларына, мысалы, кейбір мобильді телефондарға немесе басқа компьютерлерге файлдарды жібере аласыз. Құрылғылардың кейбір түрлері файлдарды немесе файлдардың белгілі бір түрлерін тасымалдауға рұқсат бермейді. Файлдарды Bluetooth параметрлері терезесі арқылы жіберуге болады.
Файлдарды жіберу iPhone сияқты қолдау көрсетілмейтін құрылғыларда жұмыс істемейді.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Bluetooth деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Bluetooth үстінен шертіңіз.
Bluetooth іске қосылғанына көз жеткізіңіз: тақырып жолағындағы ауыстырып-қосқыш қосулы күйде болуы керек.
-
Құрылғылар тізімінде файлдарды жіберетін құрылғыны таңдаңыз. Егер қажетті құрылғы тізімде Жалғанған ретінде көрсетілмесе, оған жалғануыңыз керек.
Сыртқы құрылғыға тән панель пайда болады.
Файлдарды жіберу… батырмасын шертіңіз, сонда файл таңдау терезесі пайда болады.
-
Жібергіңіз келетін файлды таңдап, Таңдау батырмасын шертіңіз.
Бумадағы бірнеше файлды жіберу үшін әр файлды таңдаған кезде Ctrl пернесін басып тұрыңыз.
Қабылдаушы құрылғының иесі әдетте файлды қабылдау үшін батырманы басуы керек. Bluetooth файлдарын тасымалдау сұхбат терезесінде прогресс жолағы көрсетіледі. Тасымалдау аяқталған кезде Жабу батырмасын шертіңіз.