Жоғалған файлды табу
Файлды жасасаңыз немесе жүктеп алсаңыз, бірақ қазір оны таба алмасаңыз, мына кеңестерді орындаңыз.
Файлды қайда сақтағаныңыз есіңізде болмаса, бірақ оның қалай аталғаны туралы шамалы түсінігіңіз болса, файлды аты бойынша іздеуге болады.
Егер файлды жаңа ғана жүктеп алсаңыз, веб-браузеріңіз оны автоматты түрде ортақ бумаға сақтаған болуы мүмкін. Үй бумаңыздағы Жұмыс үстелі және Жүктеулер бумаларын тексеріңіз.
Файлды кездейсоқ өшіріп алған болуыңыз мүмкін. Файлды өшірген кезде ол қоқыс шелегіне жылжытылады және қоқыс шелегін қолмен босатқанша сонда қалады. Өшірілген файлды қалай қалпына келтіру керектігін білу үшін Файлды қоқыс шелегінен қалпына келтіру қараңыз.
Сіз файлдың атын оны жасырын қылатындай етіп өзгерткен боларсыз. . таңбасынан басталатын немесе ~ таңбасымен аяқталатын файлдар файлдар менеджерінде жасырылады. Оларды көрсету үшін терезенің бүйірлік панеліндегі мәзір батырмасын басып, Жасырын файлдарды көрсету опциясын іске қосыңыз. Көбірек білу үшін Файлды жасыру қараңыз.