Файлдарды іздеу

Файлдарды аты немесе түрі бойынша тікелей файлдар менеджерінен іздеуге болады.

Іздеу

  1. Іс-әрекеттер шолуынан Файлдар қолданбасын ашыңыз.

  2. Егер сізге қажетті файлдар белгілі бір бумада екенін білсеңіз, сол бумаға өтіңіз.

  3. Файл атында бар екенін білетін сөзді немесе сөздерді теріңіз, олар іздеу жолағында көрсетіледі. Мысалы, егер сіз барлық шот-фактураларыңызды «Invoice» сөзімен атасаңыз, invoice деп теріңіз. Сөздер регистрге қарамастан сәйкестендіріледі.

    Іздеу жолағын шығару үшін сөздерді тікелей терудің орнына, құралдар панеліндегі Search key symbol белгішесін шертуге немесе Ctrl+F пернелерін басуға болады.

  4. Нәтижелерді күні, файл түрі бойынша және файлдың толық мәтінін немесе тек файл аттарын іздеу керек пе, соған қарай шектеуге болады.

    Сүзгілерді іске асыру үшін файлдар менеджерінің Search key symbol таңбашасының сол жағындағы ашылмалы мәзір батырмасын таңдап, қолжетімді сүзгілердің бірін таңдаңыз:

    • Уақыты: Қаншалықты бұрыннан іздегіңіз келеді?

    • Не: Элемент түрі қандай?

    • Іздеу: Іздеу толық мәтінді іздеуді қамтуы керек пе, әлде тек файл аттарын іздеу керек пе?

  5. Сүзгіні өшіру үшін, өшіргіңіз келетін сүзгі тегінің қасындағы X белгісін таңдаңыз.

  6. Іздеу нәтижелеріндегі файлдарды ашуға, көшіруге, өшіруге немесе файл менеджеріндегі кез келген бумадағы сияқты олармен жұмыс істеуге болады.

  7. Іздеуден шығып, бумаға қайта оралу үшін саймандар панеліндегі Search key symbol белгісін қайтадан шертіңіз.