Түс профильдерін қалай импорттауға болады?
Файл браузерінде .ICC немесе .ICM файлына екі рет шерту арқылы түс профилін импорттай аласыз.
Немесе түс профильдерін Түс панелі арқылы басқара аласыз.
Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.
Баптаулар үстінен шертіңіз.
Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Түс үстінен шертіңіз.
Құрылғыңызды таңдаңыз.
Бар профильді таңдау немесе жаңа профильді импорттау үшін Профильді қосу батырмасын шертіңіз.
Таңдауды растау үшін Қосу батырмасын басыңыз.
Дисплейіңіздің өндірушісі сіз қолдана алатын профильді ұсынуы мүмкін. Бұл профильдер әдетте орташа дисплей үшін жасалған, сондықтан сіздікіне толық сәйкес келмеуі мүмкін. Ең жақсы калибрлеу үшін колориметрді немесе спектрофотометрді қолданып, өзіңіздің профиліңізді жасауыңыз керек.