Экранды қалай калибрлеуге болады?

Экран түстерді дәлірек көрсетуі үшін оны калибрлеуге болады. Бұл әсіресе цифрлық фотосуретпен, дизайнмен немесе бейнелеу өнерімен айналысатын болсаңыз пайдалы.

Ол үшін сізге колориметр немесе спектрофотометр қажет болады. Екі құрылғы да экрандарды профильдеу үшін қолданылады, бірақ олардың жұмыс істеу принципі сәл өзгеше.

  1. Калибрлеу құрылғысының компьютерге қосылғанына көз жеткізіңіз.

  2. Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  3. Баптаулар үстінен шертіңіз.

  4. Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Түс үстінен шертіңіз.

  5. Экраныңызды таңдаңыз.

  6. Калибрлеуді бастау үшін Калибрлеу… батырмасын басыңыз.

Экрандар үнемі өзгеріп отырады: TFT дисплейінің артқы жарығы шамамен әр 18 ай сайын жарықтығын екі есе азайтады және уақыт өте келе сарғая бастайды. Бұл Түс панелінде [!] таңбашасы пайда болған кезде экранды қайта калибрлеу керек дегенді білдіреді.

LED экрандар да уақыт өте келе өзгереді, бірақ TFT-ге қарағанда әлдеқайда баяу.