Құрылғыларға профильдерді қалай тағайындауға болады?

Көрсетілетін түстер дәлірек болуы үшін экранға немесе принтерге түс профилін тағайындауды қалауыңыз мүмкін.

  1. Әрекеттер шолуын ашып, Баптаулар деп тере бастаңыз.

  2. Баптаулар үстінен шертіңіз.

  3. Панельді ашу үшін бүйірлік панельдегі Түс үстінен шертіңіз.

  4. Профиль қосу керек құрылғыны таңдаңыз.

  5. Бар профильді таңдау немесе жаңа профильді импорттау үшін Профильді қосу батырмасын шертіңіз.

  6. Таңдауды растау үшін Қосу батырмасын басыңыз.

  7. Пайдаланылатын профильді өзгерту үшін пайдаланғыңыз келетін профильді таңдап, таңдауды растау үшін Іске қосу батырмасын басыңыз.

Әр құрылғыға бірнеше профиль тағайындалуы мүмкін, бірақ тек біреуі әдепкі профиль бола алады. Әдепкі профиль профильді автоматты түрде таңдауға мүмкіндік беретін қосымша ақпарат болмаған кезде пайдаланылады. Мұндай автоматты таңдаудың мысалы ретінде жылтыр қағаз үшін бір профиль, ал қарапайым қағаз үшін басқа профиль жасалған жағдайды айтуға болады.

Егер калибрлеу жабдығы қосылған болса, Калибрлеу… батырмасы жаңа профиль жасайды.