Қалай архивтеу керек
Файлдар мен параметрлерді архивтеудің ең оңай жолы — архивтеу процесін архивтеу бағдарламасына тапсыру. Көптеген әртүрлі архивтеу бағдарламалары бар, мысалы Déjà Dup.
Таңдалған архивтеу бағдарламасының көмегі сізге архивтеу қалауларын орнатуды, сондай-ақ деректерді қалай қалпына келтіру керектігін көрсетеді.
Баламалы опция — файлдарыңызды сыртқы қатты диск, желілік сақтау сервисі немесе USB дискісі сияқты қауіпсіз орынға көшіру. Жеке файлдарыңыз бен параметрлеріңіз әдетте үй бумасында болады, сондықтан оларды сол жерден көшіре аласыз.
Архивтеуге болатын деректер мөлшері сақтау құрылғысының өлшемімен шектеледі. Егер архивтеу құрылғысында орын болса, келесі ерекшеліктерді қоспағанда, бүкіл үй бумасын архивтеген дұрыс:
USB дискісі немесе басқа алынбалы тасушы сияқты басқа жерде архивтелген файлдар.
Оңай қайта жасауға болатын файлдар. Мысалы, егер сіз бағдарламашы болсаңыз, бағдарламаларыңызды компиляциялау кезінде жасалатын файлдарды архивтеудің қажеті жоқ. Оның орнына бастапқы код файлдарын архивтегеніңізге көз жеткізіңіз.
Қоқыс шелегі бумасындағы кез келген файлдар. Қоқыс шелегі бумасын ~/.local/share/Trash ішінен табуға болады.