Архивтегім келетін файлдарды қайдан таба аламын?
Қай файлдарды архивтеу керектігін шешу және олардың орналасқан жерін анықтау — архивтеуді орындау кезіндегі ең қиын қадам. Төменде сіз архивтегіңіз келетін маңызды файлдар мен параметрлердің ең көп таралған орындары көрсетілген.
-
Жеке файлдар (құжаттар, музыка, фотолар және видеолар)
Олар әдетте үй бумасында (/home/сіздің_атыңыз) сақталады. Олар Жұмыс үстелі, Құжаттар, Суреттер, Музыка және Видеолар сияқты ішкі бумаларда болуы мүмкін.
Егер архивтеу тасушысында жеткілікті орын болса (мысалы, сыртқы қатты диск болса), бүкіл үй бумасын архивтеуді қарастырыңыз. Үй бумаңыздың қанша диск орнын алатынын Диск қолданылуын талдаушы арқылы білуге болады.
-
Жасырын файлдар
Нүктеден (.) басталатын кез келген файл немесе бума атауы әдепкі бойынша жасырылады. Жасырын файлдарды көру үшін Файлдар терезесінің бүйірлік панеліндегі мәзір батырмасын басып, Жасырын файлдарды көрсету таңдаңыз немесе Ctrl+H басыңыз. Сіз оларды кез келген басқа файл сияқты архивтеу орнына көшіре аласыз.
-
Жеке параметрлер (жұмыс үстелінің қалаулары, тақырыптар және бағдарламалық қамтама параметрлері)
Көптеген бағдарламалар өз параметрлерін үй бумасындағы жасырын бумаларда сақтайды (жасырын файлдар туралы ақпаратты жоғарыдан қараңыз).
Бағдарлама параметрлерінің көбі үй бумасындағы .config және .local жасырын бумаларында сақталады.
-
Жүйелік параметрлер
Жүйенің маңызды бөліктеріне арналған параметрлер үй бумасында сақталмайды. Олар сақталуы мүмкін бірнеше орын бар, бірақ олардың көбі /etc бумасында сақталады. Жалпы алғанда, үй компьютерінде бұл файлдарды архивтеудің қажеті болмайды. Дегенмен, егер сіз серверді басқарып отырсаңыз, онда орындалатын сервистердің файлдарын архивтеуіңіз керек.