Тіркелгіні өшіру
Енді пайдаланғыңыз келмейтін желілік тіркелгіні өшіре аласыз.
Көптеген желілік қызметтер жұмыс үстелінде пароль орнына сақталатын авторизация токенін береді. Тіркелгіні өшірсеңіз, сол сертификатты желілік қызметте де қайтарып алуыңыз керек. Бұл басқа ешбір қолданба немесе веб-сайт жұмыс үстеліңіздің авторизациясын пайдаланып сол қызметке қосыла алмайтынына кепілдік береді.
Авторизацияны қалай қайтарып алу қызмет провайдеріне байланысты. Провайдердің веб-сайтындағы авторизацияланған немесе қосылған қолданбалар немесе сайттар үшін баптауларыңызды тексеріңіз. «GNOME» деп аталатын қолданбаны тауып, оны өшіріңіз.
Көрініс панелін ашып, Желілік тіркелгілер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Желілік тіркелгілер батырмасын шертіңіз.
Өшіргіңіз келетін тіркелгіні таңдаңыз.
Терезенің төменгі сол жақ бұрышындағы - батырмасын шертіңіз.
Растау сұхбат терезесінде Өшіру батырмасын шертіңіз.
Тіркелгіні толығымен өшірудің орнына, жұмыс үстелі қол жеткізетін қызметтерді шектеуге болады.