Тіркелгіні қосу
Тіркелгіні қосу желілік тіркелгілеріңізді жұмыс үстелімен байланыстыруға көмектеседі. Осылайша, сіз үшін электрондық пошта клиенті, күнтізбе және басқа да қатысты қолданбалар бапталады.
Көрініс панелін ашып, Желілік тіркелгілер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Желілік тіркелгілер батырмасын шертіңіз.
Тізімнен тіркелгіні таңдаңыз.
Қосқыңыз келетін тіркелгі түрін таңдаңыз.
Тіркелгі мәліметтерін енгізуге болатын сұхбат терезесі немесе тіркелгіге кіру үшін веб-браузерді ашатын батырма ашылады. Мысалы, Google тіркелгісін баптап жатсаңыз, Кіру... батырмасын шертіп, содан кейін электрондық пошта адресіңіз бен пароліңізді енгізіңіз.
Егер тіркелгі мәліметтерін дұрыс енгізсеңіз, сізге GNOME-ға желілік тіркелгіңізге қол жеткізуге рұқсат беру туралы сұрау келеді. Жалғастыру үшін қол жеткізуді авторизациялаңыз.
Тіркелгі провайдері ұсынатын барлық қызметтер әдепкі бойынша іске қосылады. Жеке қызметтерді сөндіру үшін оларды ауыстырып-қосқышпен өшіріңіз.
Тіркелгілерді қосқаннан кейін, қолданбалар сол тіркелгілерді сіз рұқсат берген қызметтер үшін пайдалана алады. Қай қызметтерге рұқсат беруді басқару туралы ақпаратты Тіркелгіні қай желілік қызметтерге қол жеткізу үшін пайдалануға болатынын басқару бөлімінен қараңыз.
Көптеген желілік қызметтер GNOME-да пароль орнына сақталатын авторизация токенін береді. Тіркелгіні өшірсеңіз, сол сертификатты желілік қызметте де қайтарып алуыңыз керек. Қосымша ақпаратты Тіркелгіні өшіру бөлімінен қараңыз.