Қайталанатын пернелерді іске қосу
Бірнеше рет жылдам басылған пернелерді елемеу үшін қайталанатын пернелерді іске қосыңыз. Мысалы, егер қолыңыз дірілдеп, бір пернені бір рет басу орнына бірнеше рет басып алсаңыз, қайталанатын пернелерді іске қосуыңыз керек.
Іс-әрекеттер шолуын ашып, Арнайы мүмкіндіктер деп тере бастаңыз.
Панельді ашу үшін Арнайы мүмкіндіктер батырмасын шертіңіз.
Теру бөлімін ашу үшін оны таңдаңыз.
Теруге көмек бөлімінде Қайталанатын пернелер ауыстырып-қосқышын іске қосыңыз.
Қайталанатын пернелерді жылдам қосу және сөндіру
Жоғарғы панельдегі арнайы мүмкіндіктер таңбашасын шертіп, Қайталанатын пернелерді таңдау арқылы қайталанатын пернелерді қосуға немесе сөндіруге болады. Арнайы мүмкіндіктер таңбашасы Арнайы мүмкіндіктер панелінде бір немесе бірнеше баптау іске қосылғанда көрінеді.
Бірінші рет басылғаннан кейін басқа басылуды тіркеу алдындағы күту уақытын өзгерту үшін Қабылдау кідірісі жүгірткісін пайдаланыңыз. Егер перненің тым жылдам басылуына байланысты оны елемеген кезде компьютер дыбыс шығарсын десеңіз, Перне қабылданбағанда дыбыс беру опциясын таңдаңыз.